Бауыржан «Әл-Айнда» топ тебеді
Бауыржан «Әл-Айнда» топ тебеді
351
оқылды
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ-нің «Әл-Айн» клубымен келісімшартқа қол қойды.  Талантты жартылай қор­ғау­­­шы мансабын жаңа дең­­гейге көтеруге шешім қабыл­дапты. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубы Бауыржан Исламханды ресми түрде ойыншысы ретінде таныстырды.  Клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында «Қош келдің, Исламхан!» деген атпен шағын видеоүндеу жарияланды.

«Әл-Айн» клубы қазақстан­дық жартылай қорғаушымен 5 айға келісімшартқа отыр­ды.  Бауыржан Исламхан меди­циналық тексерістен өтіп, клуб мүшесі ретінде алғашқы қадам жасады. «Қайраттың» экс-ойыншысының таңдауы түскен «Әл-Айн»  –  БАӘ-нің 13 дүркін чемпионы. Белгілі команда енді Исламхан секілді талантты ойыншымен толығып, чемпиондық жолын жалғауға күш салады.

26 жастағы жартылай қорғау­шы клубтағы ең қымбат үш ойыншының қатарына кіреді. Сондай-ақ БАӘ чемпионатында трансфер құны бойынша үздік 10 ойыншының қатарына қосылды. Осыған дейін Бауыржан Ислам­хан Алматының «Қай­ратында» доп тепті. Жанкүйер футболшы бойындағы талант­қа тамсанып, алаңдағы айла­сына қол соқты. Қанша ты­рыс­қанымен, «Қайратпен» бірге Қазақстан чемпионы деген мәртебелі атаққа қолы жет­педі. Ақыры клубтан еркін агент ретінде кетіп, ресейлік «Зениттің» оқу-жаттығу жиы­нына қатысты. Алайда аталған клуб Исламханға емеурін таныт­пады. Нәтижесінде, Бауыржан БАӘ еліндегі «Әл-Айнның» ойыншысы атанды.   А.ЖОЛДАС