Дәрігерлер Атырауда КамАЗ басып кеткен ер адамның денсаулығы туралы айтты
Дәрігерлер Атырауда КамАЗ басып кеткен ер адамның денсаулығы туралы айтты
Фото: aqmolanews.kz
Атырауда ер адам жүк көлігінің астына түсті. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның денсаулығы туралы мәліметті жариялады, – деп жазады Atpress.kz. «Сағат 19.13-те 103 пультіне шақырту түскен. Оқиға орнына №12 бригада барды. Тексеру кезінде адамның жағдайы орташа ауыр болды. Есін біледі. Облыстық ауруханаға пателланың жабық сынуы, оң жақ жамбас сүйегінің сыртқы кондиласының шеткі сынуы диагнозымен жеткізілді. Мойында бірнеше кесілген жарақат бар. Ер адам дәрігерлердің бақылауында», – делінген ресми хабарламада. Бұған дейін Атырауда жолдың қақ ортасында жүрген ер адамды КамАЗ басып кеткенін хабарлаған болатынбыз.