Атырауда КамАЗ астына түскен ер адам өзіне қол салмақ болған

Атырауда КамАЗ астына түскен ер адам өзіне қол салмақ болған

Атырауда ер адамды жол ортасында КамАЗ жаншып өтті. Видеодан ер адам полиция қызметкерлеріне пышақ сілтеп, қорқытып, содан кейін жүк көлігінің астына түскені көрінеді.

«Сол күні жергілікті уақытпен сағат 19:00 шамасында 34 жастағы жігіт өз-өзіне қол салу мақсатында пышақпен мойынын кесіп, жарақат салған. Оны жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан полиция қызметкерлері тоқтатуға оқталған. Алайда, сол кезде полиция қызметкерлеріне бағынбаған жігіт жолда жүріп бара жатқан КамАЗ автокөлігінің астына түскен», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның денсаулығы туралы мәліметті жариялған болатын.
«Сағат 19.13-те 103 пультіне шақырту түскен. Оқиға орнына №12 бригада барды. Тексеру кезінде адамның жағдайы орташа ауыр болды. Есін біледі. Облыстық ауруханаға пателланың жабық сынуы, оң жақ жамбас сүйегінің сыртқы кондиласының шеткі сынуы диагнозымен жеткізілді. Мойында бірнеше кесілген жарақат бар. Ер адам дәрігерлердің бақылауында», – делінген ресми хабарламада.