Атырауда мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтап қалды
Атырауда мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтап қалды
Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмай, зауыт жұмысы апаттық жағдайда тоқтатылды. Бұл туралы ақпарат МӨЗ сайтында жарияланды.
«KEGOC» АҚ электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастады. Соның салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмады. Осыған байланысты зауыт жұмысы авариялық жағдайда тоқтатылды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша, зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. «KEGOC» АҚ-ның электр беруді тоқтатуы жоспардан тыс болып отыр. Бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді», - деп ақпарат таратты зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.
"Мой город" порталы хабарлағандай, қаланың бірнеше ауданында жағымсыз иіс сезілген. Жергілікті тұрғындар тамағының ашып, жыбырлауына шағымдануда.