Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болды. Алайда апат мұнай тасымалына кері әсерін тигізген жоқ. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының ресми сайты хабарлады. Кеше дауылдан Атырау облысында электр бағаналары құлады. 220кВт электр желілерінің бірнеше мұнарасы құлағаннан кейін Каспий құбыр консорциумының Қазақстан аумағындағы бірнеше объектісі – «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай жөнелтетін стансалары электр тогынан ажыратылды. Техникалық тұрғыдан электр тогына қайта қосу әзірге мүмкін емес. Сондықтан стансалар резервтік көздерден қуат алып жатыр. Апаттың себебі анықталған соң зауытқа электр тогы қашан берілетінін компания қосымша хабарлайды.