Тамыз айында бірнеше өңірде құрғақшылық болады – «Қазгидромет»
Тамыз айында бірнеше өңірде құрғақшылық болады – «Қазгидромет»
Фото: kzaif.kz
1,619
оқылды
«Қазгидрометтің» болжамынша, тамыз айында құрғақшылық болады. Тамызда елдің солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс пен орталығында (жекелеген аймақтарды қоспағанда) ылғал шарттары негізінен нормаға жақын болады. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деген болжам бар. Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы болады. Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше жауын-шашын мол түседі. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында жауын-шашын мол жауады.