ҰБТ-да 132 балл жинаған түлек Оңтүстік Корея университетіне оқуға түсті
ҰБТ-да 132 балл жинаған түлек Оңтүстік Корея университетіне оқуға түсті
520
оқылды
Атыраулық «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі Ризабек Алпамыс Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute of Science and Technology (UNIST) университетіне оқуға түсті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының түлегі Ризабек Алпамыс биыл ҰБТ-дан ең жоғары 132 балл жинаған. Ол Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute of Science and Technology (UNIST) университетіне оқуға түсті. Оған Оңтүстік Кореяның екі алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу және технология университеті мен Гонконгтағы ғылым және технологиялар университетінен оқуға шақырту келген. Былтыр Ризабек Алпамыс Еуропалық физика олимпиадасынан күміс, биыл Азия олимпиадасынан қола медаль алған. Ал, 2021-2022 жылдары халықаралық физика олимпиадасынан екі мәрте күміс медаль, биыл О. Жәутіков атындағы халықаралық олимпиададан да алтын медаль иемденген.