Күні кеше Үндістанның Ченнай қаласында 44-рет өткізіліп жатқан Шахмат олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Әлемнің 186 елінен 1736 шахматшы бақ сынайтын олимпиадада Қазақстан құрамасы ғана Ту алып шықпады. Бұл туралы шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова Facebook-тағы парақшасында жазды. Оның айтуынша, шахматтың отаны саналатын Үндістанда олимпиада бірінші рет өткізіліп жатыр. Бүкіл әлем назарын аудартқан олимпиадада Қазақстан құрамасы Ту алып шықпаған.
«Олимпиадаға қатысып жатқан 186 мемлекеттің 185-і өз елінің туын желбіретті. Қазақстанның Шахмат федерациясы мемлекеттік Туды алып баруды ұмытып кеткен немесе Ту сатып алуға 20 мың теңгені қимаған. Ту – Қазақстанның мемлекеттік символы!», – дейді Лиана Таңжарықова.