Ер адам шатырға шығып, өрттің ішінен Қазақстанның мемлекеттік туын алып шықты

өрт

Ақсукенттегі «Светофор» супермаркетінде болған өрттің ішінен Жұмыспен қамту орталығының қызметкері мемлекеттік туды алып шықты, - деп хабарлады otyrar.kz

17 шілде күні 13 сағат 38 минут шамасында Сайрам аудандық №6 Өрт сөндіру бөліміне «Сфетофор» супермаркетінің жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Анықталғанындай,  Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Астана даңғылы №195 мекенжайында орналасқан ғимараттың шатыры жанған. Ол ғимаратты «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жалға алған болып шықты.

Өртке оранған аумақ шамамен 425 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіруге 8 дана АЦ (өрт сөндіру автокөліктері) және 37 жеке құрам жұмылдырылды. Өрт сағат 14.30  шамасында сөндірілді. Оқиғада зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде өрт кезінде, қауіп-қатерге қарамай жанып жатқан шатырға шығып, мемлекеттік туды шешіп алған азаматтың видеосы тарады.
Белгілі болғандай ол Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері болып шықты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.