Алматыда белгісіз біреу зорламақ болған қызды көлік жүргізушісі құтқарып қалды – видео  
Алматыда белгісіз біреу зорламақ болған қызды көлік жүргізушісі құтқарып қалды – видео  
2,703
оқылды
Алматыда 22 жастағы қыз көшеде көлік жүргізушісінен көмек сұрады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Осы фактіге қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Түнде түсірілген бейнежазбадан қыздың көлік жүргізушісінен көмек сұрағанын көруге болады. Қыздың артынан қуып келе жатқан ер адам да анық көрінеді. 2000 жылы туған Б-ны зорламақ болған ер адамның іс-әрекетін Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.
«Жәбірленуші қыз осы оқиғадан біраз уақыт бұрын алкогольдік ішімдік ішкен танысынан күдіктенеді. Тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр» делінген ресми мәліметте.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ALMATY KRIS P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)