Қызылордада ауа райының қолайсыздығынан төтенше жағдай орын алды
Қызылордада ауа райының қолайсыздығынан төтенше жағдай орын алды
Қызылорда облысында табиғаттың тосын құбылысынан екі ауылда төтенше жағдай орын алды. Облысқа қарасты Шиелі ауданының Бәйгеқұм, Ақтоған ауылдық округінде ауа райының қолайсыздығынан мектептің және бірқатар жеке сектордағы үйлердің шатыры ұшып, табиғат тосын мінез танытты.  Аудан әкімдігі жанынан табиғи жағдайға байланысты жұмыс тобы құрылып, тиісті шаралар қабылданды.  width= Сонымен қатар электр жүйелерінде ақау орын алып, электр энергиясымен қамтамасыз ету шектелді. Электр бағандары мен трансформаторлар тексеріліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы орындардың мәлімдеуінше, табиғаттың тосын құбылысынан зардап шеккендер жоқ.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ

Қызылорда облысы