Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен германиялық Анна-Лена Фридзам жартылай финалда Польша өкілі Майя Хвалинска – чехиялық Джесика Малечковамен шеберлік байқасты. Бірінші партия тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-германиялық жұп басымдылық танытты – 7:6 (7:3).
Екінші сетте Данилина мен Фридзам қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Олар сағат жарымға жуық уақытқа созылған кездесу барысында 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде 19-орында тұр. Бұл – қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік көрсеткіш.