Бұршақ, найзағай: Еліміздің барлық дерлік өңірінде ескерту жарияланды
Бұршақ, найзағай: Еліміздің барлық дерлік өңірінде ескерту жарияланды
2,128
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

01 тамызда Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

01 тамызда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

01 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

1 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 01 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

01 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында найзағай күтіледі.

01 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

01 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 01 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 01 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 01 тамызда найзағай күтіледі.