1 тамызға арналған ауа райы болжамы
1 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: 24.kz
454
оқылды
«Қазгидромет» 1 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оңтүстік циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізеді. Салдарынан жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде нөсер жауын жауады. Қазақстан бойынша найзағай ойнайды, жел күшейеді. Бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында тұман түседі. Күндіз Павлодар облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады. Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.