Қаңтар оқиғасы: 286 адам күдікті ретінде қамауда отыр
Қаңтар оқиғасы: 286 адам күдікті ретінде қамауда отыр
365
оқылды
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов Қаңтар оқиғалары бойынша 286 күдікті қамауда отырғанын мәлімдеді. 
«Бүгінгі күні барлық қылмыстық істер бойынша 286 күдікті қамауда. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға, мемлекеттік нысандарға және құқық қорғау органдарына шабуыл жасауға белсенді түрде қатысқаны анықталды. Әрбір қамауға алынған адамдар бойынша жеткілікті мәліметтер бар», - деді ол.
Оның айтуынша, қылмыстық қудалау органдары жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күш-құралдарды жұмсап жатыр.
«Қаңтардағы оқиғалар бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданды. Олар бойынша 717 адам сотталды. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдететін жайларды қарастыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда», - дейді ол.