Алматы облысының прокуроры болып Берік Адамов тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының келісімі бойынша және Бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Берік Абызбайұлы Адамов Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды. Берік Адамов прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі болып бастады. Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызмет атқарды. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды. Прокуратура органдарында 17 жылдан астам еңбек өтілі бар. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.