Дастан Секенов Бас әскери прокурор болып тағайындалды

Дастан Секенов Бас әскери прокурор болып тағайындалды
© dknews.kz

Мемлекет басшысының келісімімен Бас прокурордың бұйрығымен Секенов Дастан Әбдіқадырұлы Секенов Бас әскери прокурор болып тағайындалды, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Д.Секенов прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Алматы қаласының Ақсай ауданында тағылымдамашы болып бастаған.

2001 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.

2001-2009 жылдар аралығында Бас әскери прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды.

2009 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.

2014-2018 жылдары Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде департаменттерді басқарды.

2018 жылы Президент Әкімшілігінде жұмыс істеп, 2019 жылы Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.

2019-2021 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

2021 жылғы мамыр айынан бастап Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Сыныптық шені – әділет полковнигі.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2015ж.).

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.