«18 жаста 9 миллион теңге несиесі бар» – Қорғаныс вице-министрі сарбаз өлімінің себебін айтты
«18 жаста 9 миллион теңге несиесі бар» – Қорғаныс вице-министрі сарбаз өлімінің себебін айтты
Фото: exk.kz
Қорғаныс вице-министрінің айтуынша, несие, қарыздың көптігі сарбаздардың өзіне-өзі қол салуына түрткі болып отыр. Қарыздан бөлек, түрлі әлеуметтік проблема, отбасындағы жанжалдар да сарбазды күйзеліске түсіреді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. «Әскердегі суицидке негізінен түрлі әлеуметтік жағдайлар себеп», – дейді министрдің орынбасары Дархан Ахмедиев. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев: «Бізге 18 жастағы жігіттер борышын өтеуге келеді. Солардың ішінде, өкінішке қарай мойнында 9 миллион теңге тұрмыстық және басқа да неиесі бар сарбаздар болды. Бұл бір себебі. Яғни, бұдан да бөлек әлеуметтік проблемалар бар. Соның бәрі суицидтің триггері болып жатыр. Әр жағдайды жеке алып қарау керек. Себебін жалпылама айтуға болмайды», – деді. Бұған дейін Президент сарбаз өліміне қатысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырғанын жазған болатынбыз.