Түркістан облысында еңбек ететін полицей халықаралық жарыста топ жарды.
Нидерландтың Роттердам қаласында әлем бойынша полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті.
Сайысқа 97 мемлекеттен кіл мықтылар қатысты. Оның ішінде, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат Утешов те бар.
Спортшы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат 90 келі салмақта армрестлинг бойынша күш сынасып, берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жетті. Оң қолымен 5 қарсыласпен күресіп, 5-еуін де жеңіп, алтын медальді иемденді. Сол қолы бойынша жүлделі ІІ орынды алды.
[caption id="attachment_210984" align="alignnone" width="1200"]