Ғалымдар Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді

Ғалымдар Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Германияның Қазақстандағы елшісі Моника Иверсенмен кездесіп, ғылым мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.   Ведомство басшысы отандық ғалымдар біліктілігін арттыру үшін «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен шетелге жіберіліп тұратынын атап өтті.

– Біз «500 ғалым» жобасы аясында мамандарымызды тағылымдамадан өткізу үшін Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарын қарастыруға әзірміз, – деді Саясат Нұрбек.
Өз кезегінде Моника Иверсен Ақтау қаласындағы Есенов университеті мен Қазақстан-Неміс университетінің ынтымақтастығы негізінде Маңғыстау тұрақты инженерия факультетін құру жайлы ұсыныс айтты. Саясат Нұрбек бұл бастаманы қарастыруға дайын екенін жеткізді.   Сондай-ақ  кездесу барысында Қазақстан-Германия университетінің президенті Роммель Волрад ұсынған Қазақстан-Германия үкіметаралық келісіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы: жаңа мүмкіндіктер бастамасы екенін жазған болатынбыз.