Қазақстанның Германиядағы жаңа елшісі тағайындалды
Қазақстанның Германиядағы жаңа елшісі тағайындалды
Фото: Ақорда
580
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрлан Онжанов Қазақстан Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылған болатын. Ал бұған дейін Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болған Дәурен Айтбайұлы Кәріпов лауазымынан босатылды. Нұрлан Онжанов 1960 жылы 25 қарашада бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келді. Германистика мамандығы бойынша Гумбольдт атындағы Берлин университетінің филология факультетін бітірген, филология ғылымдарының кандидаты. 1983-1986  жылдары – Алматы қаласында филология доценті; 1986-1992 жылдары – Мәскеу қаласында ғылыми қызметте; 1992-1994 жылдары  –  ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің бөлім бастығы және министрдің кеңесшісі; 1994-1996 жылдары –  Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты, Халықаралық бөлімінің аға референті; 1996-1997 жылдары – Қазақстанның Аустрия Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы, кейін кеңесшісі; 1997-2001 жылдары – ҚР Швейцария Конфедерациясындағы елшілігінің кеңесшісі; 2001-2002 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі, Экономикалық саясат департаментінің директоры; 2002-2003 жылдары – Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында Бас консул; 2003-2004  жылдары – ҚР Сыртқы істер вице-министрі, ТМД істері комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Қазақстанның Ұлттық үйлестірушісі; 2004-2007 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары; 2007-2008 жылдары – Қазақстан  Президентінің көмекшісі; 2008-2014 жылдары – Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі және Дания Корольдігіндегі елші міндетін қоса атқарушы. 2014 жылғы шілдеден ҚР Президентінің көмекшісі болған. 2019 жылғы  наурыздан Қазақстан Президенті кеңсесінің басшысы болды. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.