Балуандарда бес алтын
Балуандарда бес алтын
837
оқылды
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Бухаресте (Румыния) ­өткен халықаралық турнирде тоғыз жүлдені қоржынға салды. Бұл турнирде Айдос Сұлтанғали (60 келі), Ернұр Фидахметов (63), Ибрагим Магомадов (72), Тамерлен Шадукаев (77) мен Мирас Баршылықов (82) алтын алды. Ғалым Қабдұнасыров (63), Ерұлан Ысқақов (97) пен Әлімхан Сыздықов (130) күміс жүлде иеленсе, Шамил Батыров (82) қола еншіледі. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.  

Асыл ТҰМАР