Шетелден әкелінген 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеуге қойғандар ұсталды
Шетелден әкелінген 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеуге қойғандар ұсталды
Фото: inbusiness.kz
1,806
оқылды
Қылмыстық топ шетелден әкелінген көліктерді Қазақстанда тіркеуге заңсыз қойып келген, – деп жазады Polisia.kz. Оның ішінде Полиция департаментінің 2 қызметкері де бар. Шымкенттегі ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері қылмыстық схеманы арнайы операция барысында анықтады. Шетелден әкелінген көліктерді кедендік төлемдер, утильалым және мемлекеттік бажды төлеместен, Қазақстанға тіркеуге қойған. «Қалалық Полиция департаменті Процессинг орталығының екі қызметкері сот санкциясымен қамауға алынды. Шымкентте осы схема бойынша Қазақстанда есепке қойылған 53 автокөлік бойынша ғана мемлекетке 320 миллион теңгеден астам залал келді» делінген  ресми хабарламада. Бүгінде ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті осыған ұқсас фактілер бойынша 7 өңірде қылмыстық іс тергеп жатыр. Кейінгі үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз есепке қойылған. Мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам шығын келді.