Ақтауда 3 жасар қызын ұрып өлтірген әйел сотталды
Ақтауда 3 жасар қызын ұрып өлтірген әйел сотталды
Фото: news.meatbranch.com
1,317
оқылды
Ақтауда 3 жасар қызын ұрып өлтірген әйел соттан жазасын жеңілдетуді сұрады, – деп жазады inform.kz. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы балаcын өлтірген әйелге қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарады. «Бірінші сатыдағы сот үкімі бойынша әйелге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімге жәбірленушінің заңды өкілі, сотталған адам және оның адвокаты апелляциялық шағым түсірді. Сотталушының қорғаушысы істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы (абайсызда адам өліміне алып келу) бойынша қайта қарауды сұрады. Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот үкімінің заңды және негізді шығарылғанын, үкімді өзгертуге, оның күшін жоюға және апелляциялық шағымдардың дәлелдерін қанағаттандыруға негіз жоқтығын анықтады. Сондықтан сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды» делінген Маңғыстау облыстық сотының ресми хабарламасында. Оқиға биыл 4 қаңтарда болды. Әйел қызын ұрған. Ауыр жарақат алған кішкентай қыз қайтыс болды.