Ақтауда еңбек демалысында жүрген полицейді пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Ақтауда еңбек демалысында жүрген полицейді пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Фото: mail.kz
687
оқылды
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, полицейді пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды. «Қазақпараттың» жазуынша, Ақтау қаласы ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор кісі қолынан қаза тапты. 2 тамыз күні сағат 03.50 шамасында мойнынан жарақат алған полицей облыстық ауруханаға жеткізілген. Бірақ есін жимастан қайтыс болды.
«Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді департамент өкілі.
Қаза тапқан полицей 26 жаста, Маңғыстау облысында туған. Үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полицей еңбек демалысында болған.