Шолақайда 15 жастағы қызды аяусыз өлтірген педофилге қатысты тың дерек шықты
Шолақайда 15 жастағы қызды аяусыз өлтірген педофилге қатысты тың дерек шықты
© matritca.kz
Жетісу облысының Шолақай ауылында қызды зорлап, аяусыз өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам осындай қылмысы үшін бұрын да жазасын өтеген. Бірақ химиялық кастрациядан өтпеген. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауап ретінде айтты. Комитет мәліметінше, ер адам 2013 жылы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі («Зорлау») бойынша сотталған. Қылмыстық кодексте бірнеше тармақ бар, алайда оқиғаның бұрынырақ болғанына байланысты оның нақты қай тармақ бойынша қылмыс жасағаны белгісіз. Қылмыстық кодекске сәйкес, 2-бөлік бойынша күдіктіні 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ол 5 жылға сотталған. Сонымен қатар, 2015 жылы Талдықорған сотының қаулысына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылған.
"Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды алып тастау 2016 жылғы сәуірден бастап күшіне енді", - деп түсіндірді ҚАЖК өкілі.
Ер адам толық мерзімде жазасын өтесе, ол 2018 жылы босар еді. Демек ол 2015 жылы босатылмаса, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату арқылы шыға алмайтын еді.
"Дәл сол қылмысы үшін адамға химиялық кастрация қолдану мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Сондықтан оған бұл шара қолданылған жоқ", - деп нақтылады ҚАЖК қызметкері.
Айта кетейік, химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жүргізіледі. Бапқа сәйкес, күдікті кәмелетке толған қызды зорлағаны үшін бірінші рет жазасын өтегендіктен, оған кастрация қолданылмаған.