Қоржында 2 күміс, 1 қола
Қоржында 2 күміс, 1 қола
459
оқылды

Таэквондодан Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында екі күміс пен бір қола медаль еншіледі. Болгарияның София қаласында дүбірлі доданың екінші күні мәресіне жетті. Спортшыларымыз арасынан Әсет Ізғалиев (48 келі), Айдана Сүндетбай (46 келі) мен Тамерлан Тілеулес (51 келі) ерекшеленді. Финалда оңтүстіккореялық Юнсео Кимге есе жіберген Айдана Сүндетбай, Оңтүстік Корея өкілі Х.Янгтен айласын асыра алмаған Тамерлан Тілеулес жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Ал 48 келі салмақтың жартылай финалында Әсет Ізғалиев ирандық А.Зандимен кездесіп, қола медаль алды. Осылайша, әзірге жастарымыздың қоржынында екі күміс пен бір қола медаль бар.