«1,5 миллион теңге пара алған»: Атырауда еңбек инспекторы сотталды
«1,5 миллион теңге пара алған»: Атырауда еңбек инспекторы сотталды
Фото: Антон Ваганов, Коммерсантъ
666
оқылды
Атырау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Мират Байменов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды ATPress.kz
Мират Байменов өндірістегі жазатайым оқиғаға қатысты тексеру фактісі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін ЖШС өкілінен 1 млн 500 мың теңге көлемінде пара алған.
«Атырау қаласының №2 сот үкімімен Байменов мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,- делінген Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.