Шахмат Олимпиадасында әйелдер құрамасы тағы жеңіске жетті
Шахмат Олимпиадасында әйелдер құрамасы тағы жеңіске жетті
298
оқылды
Шахмат Олимпиадасында еліміздің әйелдер құрамасы тағы жеңіске жетті. Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында еліміздің әйелдер құрамасы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Еліміздің әйелдер құрамасы Словакиядан 3,5:0,5 есебімен басым түсті. Қазақстандық шахматшылар қатарынан Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Ксения Балабаева қарсыласымен тең түсті. Бұл - қазақстандықтардың алтыншы жеңісі. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Вьетнамды 2,5:1,5, Гватемаланы 4:0 есебімен жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті. Ал Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды.