Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Фото: yandex.kz
1,219
оқылды
Өткен тәулікте 1 373 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 301, Алматы қаласында – 202, Шымкент қаласында – 12, Ақмола облысында – 89, Ақтөбе облысында – 28, Алматы облысында – 12, Жетісу облысында – 24, Атырау облысында – 26, Шығыс Қазақстан облысында – 10, Абай облысында – 22, Жамбыл облысында – 40, Батыс Қазақстан облысында – 49, Қарағанды облысында – 327, Ұлытау облысында – 2, Қостанай облысында – 63, Қызылорда облысында – 25, Маңғыстау облысында – 16, Павлодар облысында – 83, Солтүстік Қазақстан облысында – 26, Түркістан облысында 16  адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 368 205-ке жетті.