Көпбалалы ананың баспанасына күрделі жөндеу жүргізілді
Көпбалалы ананың баспанасына күрделі жөндеу жүргізілді
1,072
оқылды
«AMANAT» партиясы Мойындық аудандық филиалында аудан әкімі  Әлихан Балқыбеков азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады. Әкімнің қабылдауына келген Мойынқұм ауылының тұрғыны, көпбалалы ана М.Сарсембекова баспанасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек сұраған. «AMANAT» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы Әлихан Әбіләшұлы өтініш иесінің мәселесі зерделенгеннен кейін көмек көрсететінін жеткізген болатын. Сөйтіп, өтініш иесінің сұранысы қаралып, мән-жай анықталған соң аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ауыл тұрғынына демеушілік жасап, баспанасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне көмек көрсетті.