Елордада полицияның мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды
Елордада полицияның мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды
364
оқылды
Бүгін елордада көлігімен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12:35-те 102 нөміріне қоңырау түсіп, екі азаматтың дүкеннен алған тауарға ақша төлемей кеткені хабарланған. Бірнеше минуттан кейін дәл осындай хабарлама тағы бір дүкеннен түсті. Белгісіз екі адам дүкеннен 2 банкі сыра алып, ақшасын төлемей, «Тойота Камри» көлігіне отырып, кетіп қалған.
"Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына көлік Қорғалжын тасжолы бойында кетіп бара жатқанда түсіп қалған. Toyota Camry жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған. Көлік көп жүретін көшемен келе жатып, жүргізуші бірнеше рет қарсы жолаққа шығып, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, апаттық жағдай туғызып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді", – деді қаланың ПД өкілдері.