Коронавирусқа шалдыққандар саны азайды

Коронавирусқа шалдыққандар саны азайды
Коронавирусқа шалдыққандар саны азайды

Өткен тәулікте 1128 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 335, Алматы қаласында – 200, Шымкент қаласында – 9, Ақмола облысында – 65, Ақтөбе облысында – 13, Алматы облысында – 17, Жетісу облысында – 40, Атырау облысында – 7, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Абай облысында – 27, Жамбыл облысында – 23, Батыс Қазақстан облысында – 34, Қарағанды облысында – 197, Ұлытау облысында – 17, Қостанай облысында – 8, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 8, Павлодар облысында – 80, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Түркістан облысында – 7. Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 369 333-ке жетті.