Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлады. «Бүгін Президент жұмыс кестесіне сәйкес, Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдайды» делінген хабарламада.
Бұған дейін Президенттің Сауд Арабиясына сапарынан кейін саумал сатып алатын шетелдік кәсіпкерлер көбейгенін жазған болатынбыз.