Әлихан Смайылов зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді
Әлихан Смайылов зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді
956
оқылды
Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді.
«Бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы зерделеп жатыр. Тиісті қоғамдық өкілдерімен бірнеше кездесу өткізілді. Бұл жерде айтатын мәселе, адамдар ерте шығатын болса (зейнеткерлікке), онда зейнетақының да мөлшері де соған сәйкес төмен болады. Сондықтан мұны да ескеру қажет. Дегенмен, қоғамда осындай пікір болғаннан кейін әрине, жан-жақты талдап, зерттеу қажет. Қазір арнаулы жұмыс тобы құрылып, министрлік аясында бұл мәселені зерделеп жатыр. Соның нәтижесінде салалық министрлік тиісті ақпарат береді деп ойлаймын», - деді Үкімет басшысы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында.