Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз: полиция жедел штабтың нөмірін жариялады
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз: полиция жедел штабтың нөмірін жариялады
Фото: ТЖД-нен алынды
Қостанай облысының полиция департаменті Жамбыл ауылының әкімдігінде орналасқан жедел штабтың нөмірін хабарлады. Із-түзсіз жоғалған 5 жасар қыз жан-жақтан іздестіріліп жатыр. Іздестіру жұмысын үйлестіретін Жамбыл ауылы әкімдігінде жедел штаб құрылды. Полиция кішкентай қызды көрген-білгендер болса, 8 775 105 91 72 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды. Жоғалған қызды іздестіру күні-түні жүргізіліп жатыр. 40 гектардан астам жүгері алқабы, екі картоп алқабы қаралды. 9 тамызда іздестіруге Ұлттық ұлан мен шекара әскерлерінің әскери қызметшілері тартылды. Таң атқанда 100 га болатын аумақ тікұшақпен қаралады. Қостанай облысы Жамбыл ауылында 7 тамызда таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 және 13 жастағы  екі үлкен әпкесі қарап қалған. Олар таңертең оянғанда, 5 жасар қыз үйде жоқ екенін байқаған.