5 жасар қызды іздеу: егістікке шарға байланған тамақ қалдырып жатыр
5 жасар қызды іздеу: егістікке шарға байланған тамақ қалдырып жатыр
6,436
оқылды
Ішкі істер министрлігі Жедел штабының 16.00-дегі ақпараты бойынша Қостанай облысында жоғалған қыз әлі табылған жоқ. Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жедел Штабтың кезекті отырысы өтті. 16.00-де іздеу жұмыстары Жамбыл ауылы - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы бойынша төрт бағытта жүргізіліп жатыр. "Штаб отырысында егістікке азық-түлік пен су қалдырып, оларға әуе шарларын байлау туралы шешім қабылданды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигналдық нұсқа болады. Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Ауадан бақылау жалғасуда", – делінген хабарламада. Кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды. Айта кетейік, 7 тамызда таңғы 5.00-де Қостанай облысы Жамбыл ауылында 5 жасар Мәдина Ерланқызы жоғалып кеткен еді. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала терезеден шығып, үйден кетіп қалған. Мәдина аутизм дертіне шалдыққан әрі сөйлемейді. Бұған дейін 5 жасар қыздың жүрген жерінен видео жарияланған болатын.