Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы қаза тапқан жерден фотолар жарияланды – видео
Алматы облысында Ұлттық ұланның сарбазы дауыл кезінде қаза тапты, – деп жазады Polisia.kz.
Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 8-13 тамыз аралығында Алматы қаласы 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында (Алматы облысы Жетіген кенті) далалық оқу-жаттығуында болады.
Биыл 9 тамызда, шамамен 20.55-те қатты дауыл соғып, сарбаздар тіккен шатырлар қирады.
Қатардағы жауынгер А.Шахимов өз әріптестерімен бірге бірінші кезекте жеке құрамның қауіпсіз жерге шығуына атсалысқан.
https://youtu.be/PI7accgLuAg
Қауіпті орыннан соңғы шыққан А.Шахимов шатырдың металл жақтауының желмен жұлынған соққысынан басынан жарақат алған. Оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
Сарбаз Қонаев қаласының қалалық медициналық мекемесіне жеткізілгенмен, әскери қызметші қайтыс болды. Осылай жауынгер А.Шахимов өзінің жанқиярлық әрекетімен қаруластарын құтқару барысында ауыр жарақат алып, мерт болды.
Қатардағы жауынгер А.Шахимов 2003 жылы туған, Ақмола облысы Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен осы жылдың көктемінде әскерге шақырылған.
Бұған дейін Алматы облысында сарбаздың қаза тапқанын жазған болатынбыз.