Автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген алматылық екі айға қамауға алынды

Автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген алматылық екі айға қамауға алынды

 Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды қалалық сотының баспасөз қызметі. "10 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ",–  деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматыда ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйеліне пышақтамақ болғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Алматы әкімі  әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттады.