Алматы әкімі автобуста әйелді өлімнен құтқарған жігітке ноутбук сыйлады
Алматы әкімі автобуста әйелді өлімнен құтқарған жігітке ноутбук сыйлады
2,206
оқылды
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әйелді автобуста бұрынғы күйеуінен құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті. Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты, сонымен қатар алғысхат пен бағалы сыйлықты табыс етті, - деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.  23 жастағы Райымбек Медетбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-да жұмыс істейді. Жұмыс барысында өзін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жауапты және бастамашыл маман ретінде жақсы жағынан көрсетті. Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста әйелге пышақ салған болатын. Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекеттерінің арқасында әйел аман қалды. Бұған дейін Алматыда ер адамның автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгіргенін хабарлаған болатынбыз.