«AMANAT» партиясы «Жастар рухының» белсенділері шахматшыларды Алматы әуежайынан бірінші болып қарсы алды
«AMANAT» партиясы «Жастар рухының» белсенділері шахматшыларды Алматы әуежайынан бірінші болып қарсы алды
357
оқылды
«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері Үндістанның Ченнаи қаласында өткен әлемдік шахмат олимпиадасына қатысқан Қазақстан құрама командасының мүшелерін Алматы әуежайында бірінші болып қарсы алды. Аса зор табыспен елге оралған отандық спорт мақтаныштарына «Жастар рухы» ұйымының белсенділері қолдау көрсетіп, гүл шоғын сыйлап, алғыс айтты. Қазақстанның қыздар құрамасы 44-ші Шахмат олимпиадасында 5-орын алды. Бұл – тәуелсіз еліміз бен ұлттық құрама тарихындағы ең үздік  көрсеткіш. Үндістанда өткен әлемдік шахмат олимпиадасына 2000 аса қатысушы келді. Жарыста 189  ерлер және 162 әйелдер командасы бақ сынаған. «AMANAT» партиясы  елде шахмат спортын дамытуға ерекше мән беріп отыр. Партия бұл спортты халық арасында кеңінен насихаттауға, шахмат ойнайтын жастар мен балалардың қатарын көбейтуге мүдделі. Себебі, шахмат – интеллектуалды ұлт идеясын жүзеге асырудың тиімді құралы. Осы мақсатта биыл мамыр айында елордада шахматтан «AMANAT CUP» турнирі  ұйымдастырылды. Оған 200-ден аса спортшы қатысты. Бұл жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін  болады. Шахматтан Қазақстан құрама командасының мүшелері, шахмат жұлдыздары Жансая Әбдімәлік пен  Гүлісхан Нахбаева – «AMANAT» партиясының мүшелері. Жансая мен Гүлісхан партияның шахматпен байланысты жобаларына әрдайым қолдау көрсетіп, аталған іс-шараларға белсене қатысып келеді. Партия белсендісі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Жансая Әбдімәлік Үндістанда ең мықты спортшылар ғана жарысатын бірінші тақтада ойнап, дүбірлі додада қола медаль жеңіп алды. Жансаяның жүлделі үшінші орны – бәсекесі жоғары әлемдік шахматтағы ең үлкен жетістік. Жансая Әбдімәлік 2020 жылы шахматтан әлем чемпионы атанды. Ол сондай-ақ 2018 жылы ерлердің халықаралық гроссмейстер атағы үшін қойылатын норманы орындап шықты. Қазақстанның қыздар құрамасы Ченнаи қаласында өткен әлемдік 44-ші Шахмат олимпиадасында 5-орын алды. Бұл – тәуелсіз еліміз бен ұлттық құрама тарихындағы ең үздік  көрсеткіш. 2014 жылғы Әлемдік шахмат олимпиадасында қазақстандық қыздар 6-орынға табан тіресе, 1992 және 1996 жылдары екі рет 8-орыннан көрінген еді. Сондықтан биылғы жетістік – отандық шахматшылар үшін ең үздік көрсеткіш.