Атырау ауруханаларының бірінде түсік тастаған әйел қайтыс болды
Атырау ауруханаларының бірінде түсік тастаған әйел қайтыс болды
2,106
оқылды
 Атырау ауруханасында жүкті әйел қайтыс болған. Жүктіліктің 17-аптасын өткерген әйел түсік тастаған. Күйеуінің айтуынша, жүкті әйелі ауруханаға түскен. Алайда, оны бір күннен соң шығарып жіберген.
«Әйелім үйге келген соң жағдайы нашарлап, қан құсты. Ауруханаға жатқаннан кейін көз жұмды», – дейді күйеуі.
Ал 17 апталық шақалақтың мәйіті он күннен бері мәйітханада жатқан. Шақалақтың қайтыс болғаны туралы әйелдің күйеуіне де, туыстарына да ешкім хабарламаған. https://www.youtube.com/watch?v=3eVtqwYxMw4&feature=emb_title 32 жастағы аяғы ауыр әйелдің қайтыс болу фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабымен, яғни медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.