Бүгін бірнеше өңірде тағы да нөсер жаңбыр жауады
Бүгін бірнеше өңірде тағы да нөсер жаңбыр жауады
Фото: sputnik.kz
«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Соған байланысты жаңбыр жауады, еліміздің шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, жел екпіні күшейеді. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық болжанады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.