«Аман-есен табылады деп үміттеніп едік» – облыс әкімі 5 жасар Мәдинаның отбасына көмек көрсетілетінін айтты
«Аман-есен табылады деп үміттеніп едік» – облыс әкімі 5 жасар Мәдинаның отбасына көмек көрсетілетінін айтты
Фото: smi24.kz
388
оқылды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында ізім-ғайым жоғалып кетіп, денесі тоғаннан табылған Мәдина Ерланқызының отбасына көңіл айтты. Әкім іздеуге белсене қатысқан волонтерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен тұрғындарға алғыс айтты. Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесу, материалдық көмек көрсету бойынша тапсырма берді.
«Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл – тек олар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін орны толмас қайғы. Біз бәріміз бала аман-есен табылады деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, олай болмады», – деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.
Еске сала кетейік, 7 тамыз күні таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. 18 және 13 жастағы әпкелері таңертең оянғанда Мәдинаны таппай қалған. Бала ашығып қалмасын деп жазық далада шар байлап, тамақ мен сусын қалдырылды. Сонымен қатар, дауыс зорайтқыштан бала жақсы көретін «Маша мен аю» мультфильміндегі ән қойылды. Жан-жақтан мыңға тарта адам жабылып іздеді. Алайда кеше Мәдинаның денесі судан табылды.