Мессенджерлерде биыл қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 15 тамызда басталатыны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған ақпарат, – деп хабарлады stopfake.kz. Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Бұған дейін Қазақстан мектептерінде оқу жылын тамызда бастап, маусымда аяқтау ұсынылған болатын.