Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстаннан ЖСН алған шетелдіктер туралы мәліметті жариялады.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шетелдіктер 198 806 ЖСН рәсімдеген, – деп жазады Tengrinews.kz.
ЖСН алғандардың ең көбі: Өзбекстан – 91 454, Ресей – 74 371, Тәжікстан – 7896, Қырғызстан – 4470, Украина – 1520.
Қазақстандағы шетелдіктерге ЖСН мынадай мақсатта қажет:
– жұмысқа орналасу;
– Қазақстанда есеп айырысу шотын тіркеу;
– мүлікті тіркеу;
– мемлекеттік қызметтерді алу және т.б.
Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімі бойынша, 3 519 шетелдік елден шығарылған. Оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынды.