– Нұр-Сұлтан қаласында өтетін спидкубинг чемпионаты 4 күнге созылады. Жарыста Азияның үздіктерін анықтайтын боламыз. Жеңімпаздар жарыс соңында белгілі болады. Үміткерлер 17 тәртіп бойынша сайысқа түседі. Сынақ классикалық түрден бастау алып, кезең сайын қиындай түседі, – деді Қазақстан Спидкубинг федерациясының президенті Арман Мәшімов.Сондай-ақ, қауымдастық басшысы елімізде спидкубингті интеллектуалды спорттық бағыт ретінде дамыту керектігін айтты. Чемпионатқа 13 елден 18-20 жас аралығындағы 116 спортшы қатысып жатыр.
Кербез ЕСІМХАН
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!