Жаңа ережелер бойынша 1 ақпаннан бастап айырбастау пункттері 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың айтуынша, жұмыс кестесінің өзгеруі айырбастау пункттері мен олардың клиенттерінің қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Оның айтуынша, аталмыш шара кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетел валютасын сату бағамының артуы мен халық арасында негізсіз дүрлікпе тудыру фактілерін болдырмауға көмектеседі.
Қазақстаннан әуежайлар, т/ж вокзалдары және мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттері арқылы келетін/кететін адамдар үшін айырбастау пункттерінің жұмыс режимі шектелмейді - айырбастау пункттері тәулік бойы, ал бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында - 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, енді айырбастау орындарында қазақстандықтардың есімдері жазылатын болады. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 мың теңге баламасынан аспайтын сомаға тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН (бар болса) тіркеледі. Сондай-ақ айырбастау орнының жарғылық капиталының ең аз мөлшері енді әрбір айырбастау пункті үшін 100 миллион теңгені құрауы тиіс.