Жеңіс жолын жалғады
Жеңіс жолын жалғады
428
оқылды
Индор хоккейден (жабық ғимараттағы хоккей) еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Азия кубогы ойындарында тағы жеңіске жетті. Қазақстан ерлер құрамасы Таиландты 6:3 есебімен тізе бүктірді. Олар бұған дейін Индонезиямен 4:4 есебімен тең түсіп, Сингапурды 6:1, Қытай Тайбэйін 5:1 есебімен сүріндірді. Енді олар 13 тамызда Иранмен, 14 тамызда Малайзиямен кездеседі. Ал әйелдер арасында қазақстандық спортшылар Қытай Тайбэйін 6:0 есебімен жеңді. Еліміздің әйелдер құрамасы бұған дейін Пәкістаннан 13:0, Ираннан 5:2 есебімен басым түсті. Енді олар Индонезиямен шеберлік байқасады.

Кербез ЕСІМХАН