Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны біршама азайды
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны біршама азайды
Фото: yandex.kz
971
оқылды
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус 930 адамнан анықталды. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 203, Алматы қаласында – 103, Шымкент қаласында – 9, Ақмола облысында – 75, Ақтөбе облысында – 25, Алматы облысында – 16, Жетісу облысында – 9, Атырау облысында – 39, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Абай облысында – 5, Жамбыл облысында – 20, Батыс Қазақстан облысында – 58, Қарағанды облысында – 173, Ұлытау облысында – 1, Қостанай облысында – 44, Қызылорда облысында – 23, Маңғыстау облысында – 13, Павлодар облысында – 60, Солтүстік Қазақстан облысында – 44, Түркістан облысында – 8. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 377 898-ге жетті. Сондай-ақ Қазақстанда 1 252 адам коронавирустан жазылып шықты.